Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Қайталанбас рекордтар

Қайталанбас рекордтар

Қайталанбас рекордтар

1955 жылы Гиннес рекордтар Кітабының даңқы жер жарып тұрған шақта, адамдар өзгелердің рекордын жаңартып немесе жаңа, таңғаларлық, тіпті, ойға келмейтін әрекеттер жасап, осы кітапқа енуді мақсат еткен. Дегенмен, бұл кітаптың ішінде аяқ астынан туған және қайталанбайтын рекордтар бар. 

Тэд Сэйнт Мартин есімді азамат ғұмырында баскетбол ойынын ойнамаған. Бірақ оның лақтырған добы дәлдікпен шеңберге оңай түскен. Ол 1975 жылы Гарольд Левитт есімді азаматтың рекордын жаңартпақ болған. Ол допты шеңберге 499 рет дәл түсірген. Ал Тэд 739 рет түсіріп, жаңа рекорд орнатқан. 75 жасында Тэд өз рекордын өзі жаңартты: ол бұл жолы допты себетке 5221 рет түсірген. 
Рой Салливан америкалық Шенандоа Ұлттық саябағының қарауылшысы болып қызмет атқарған. 1942-1977 жылдар аралығында бұл адамға 7 рет найзағай түскен және бұны саябақ дәрігерлері растаған. Салливан бала кезден найзағайды өзіне тартатынын сезген. Себебі, жанындағы адамдарға емес, тек өзіне ғана түсетінін байқаған. Бір күні әкесімен шөп тасып жүргенде, найзағай әкесіне емес, бала Салливанға түскен екен.
Чарльз Осборн 28 жасында салмағы 159 кг болатын шошқа етін көтеріп келе жатып, құлап қалған. Ол ешқандай дене жарақатын алмаған. Алайда осы жағдайдан кейін ол 68 жыл ықылық атып келген. Бұл оның жеке басына әсер етпеді: үйленіп, сегіз баланың әкесі атанған.  1990 жылы Чарльз аяқ астынан ықылықтан тыйылған. Бірақ осының әсерінен бе екен, бірнеше айдан кейін ол асқазан аурынан қайтқан. Чарльз Осборн 595 миллион рет ықылық атқаны есептелген екен. 
1916 жылы студенттік Georgia Tech атты футбол командасы қарсыласы Cumberland командасын 222:0 есебімен ойсырата ұтқан екен.
 
Фото: bigpicture.ru
Қосылған күні: 06 ақпан 2016, 08:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.