Жер бетіндегі ең қауіпті жыландар #2

Жер бетіндегі ең қауіпті жыландар #2
Фото: www.2ay.com.au

Басы:

Торлы қоңыр жылан

Талай адамның тағдырын жалмаған бұл жылан улылығы жағынан екінші орын алады. Бұлар көбіне Аустралияда тіршілік етеді.

Улы сұр жылан

Бұл жылан түрі Еуропа мен Азияда көптеп кездеседі. Ұзындығы алпыс сантиметрді ғана құрайды. Сұр жыланның уы адамды өлтірмейді.

Корольдік кобра немесе гамадриад

Гамадриад әлемдегі ең қауіпті жылан болып саналады. Оның уы жиырма адамды және бір пілді өлтіре алады. Корольдік кобра Үндістан ормандары мен Қытайдың оңтүстігінде өмір сүреді.

Филиппиндік кобра

Бұл кобра 3 метр қашықтыққа дейін уын шаша алады. Оның бір шағуы бірден бірнеше адамды өлтіреді. Аты айтып тұрғандай бұл жыландар Лузон, Миндоро, Катадаунес және Масбате секілді солтүстік Филиппин аралдарында кезедседі.

Эфа

Эфа жыландары Үндістан, Пәкістан және Африка елдерінде бар. Олардың ұзындығы басқа жыландардан қысқа. Бірақ олардың уы адамға қатты әсер етеді. Егер тез арада алдын алмаса, екі аптадан о дүниеге аттандырады. 

Ж. Исакаев