Армандар орындалады (видео)

Армандар орындалады (видео)
Фото: www.youtube.com

Жаңа жыл да келіп қалды. Жаңа жыл адамды жаңа арман мен асқақ мақсаттарға жетелейді. Ал кішкентай бүлдіршіндеріміз болса, бұл күндері тап ертедегідей таңғажайып нәрсенің болғанын күтеді. Тек оларды ести білу керек. Әсіресе, жақын адамдарымыздың ізгі тілектері мен жан қалауларына аса мән берген жөн. Бір жағынан ойланып қарасаңыз, біреудің арманын шындыққа айналдырудың өзі сізге бақыт алып келмей ме? 

Төменде әпкелі-інілі екі бүлдіршін өзге балақайлар секілді ерекше дүние күтеді. Кейде кісіні таршылық, кейде баршылық сынайды. Өз арманының орындалғанын қатты қалаған әпкесі алдымен өзінің емес, інісінің тілегінің бірінші қабыл болғанын қалайды. Ғажап!

С. Ерсін