Екі аяқты күшікке арналған арба

Екі аяқты күшікке арналған арба
Фото: wtvr.com

АҚШ-тың Огайо штатында алдыңғы екі аяқсыз туылған күшікке арнап, 3D-принтерде арба басып шығарылды.

Тамблс атты күшік үйсіз жануарларға арналған Friends of the Shelter Dogs ұйымының паналау орталығына туылғанына жарты ай болғанда тап келген, деп хабарлайды BuzzFeed. Кейіннен Тамблстың әлеуметтік желідегі суретін көрген белсенділер орталықпен байланысып, күшікке арба жасап беруді ұсыныпты. Арбаны Огайо университетінің инновациялық орталығы 3D-принтерде басып шығарды.  Қазір Тамблс жаңа құралдың көмегімен емін-еркін қозғалуда екен.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы