Әлемдегі ең кәрі ит

Әлемдегі ең кәрі ит
Фото: ftimes

Австралиядағы Виктория штатының тұрғыны Брайан Макларен өзінің Мэгги атты итін әлемдегі ең қарт төбет деп есептейді.

Алайда үй жануарының құжаттары болмағандықтан, оның нақты қанша жаста екені белгісіз. Оның айтуынша, иті уақытының көп бөлігін ұйқымен өткізеді екен. Сонымен қатар, Брайан оны сүт өнімдерін шығаратын фермасында көлігімен қыдыртады.

Ветеринар Джек Айерби есімді мал дәрігері Мэггидің шынымен сол жасқа сәйкес келетінін растады. Оның сөзіне сенсек, ветеринария саласындағы жетістіктерге байланысты жануарлардың ұзақ өмір сүруге қабілетті екен.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қарт Блюди есімді төбет 1939 жылы 29 жасында өлген болатын.

Дереккөз: nur.kz

С. Ерсін