Мысық пен бұғының танысуы

Мысық пен бұғының танысуы
Фото: www.youtube.com

Мысық үй жануары болғандықтан күнделікті өмірінде бұғыны кездестіре бермейді. Миро есімді мысық есік алдында жатқан жаңадан туған бұғы баласына таңдана қарайды. Оның қандай тіршілік иесі екенін білгісі келіп, тиіседі.

Кейіннен мысықтың оқтын-оқтын шабуыл жасай бастағанын байқаймыз. Мүмкін ол өзінің территориясындағы белгісіз жануарды ұнатпай тұрған болар? Ендеше видеоны тамашалайық.

Ж. Өрісбай