Болашақта адамдар 100 жасқа дейін жұмыс істейді

Болашақта адамдар 100 жасқа дейін жұмыс істейді
Фото: rambler.ru

Британиялық футоролог Рохит Тальвардың айтуынша, болашақта адамдар 100 жасқа дейін жұмыс істей алады. Бұл туралы The Guardian жазды.

Ғалымның айтуынша, дамып келе жатқан ғылымның арқасында адам баласы ауыр жұмыстан құтылып, ұзақ өмір сүреді. Ауыр жұмыстардың бәрі роботтарға тапсырылады. Сондықтан, ғалым қазіргі білім беру технологиясын өзгерту керек деп есептейді.

"Қазіргі мамандықтардың 30-80 пайызы алдағы 10-20 жылда жойылады. Жұмыс компьютерлерге жүктеледі", -  дейді ғалым.

Рохит Тальвар қазір Fast Future Research компаниясының директоры болып жұмыс істейді.

М. Бисембаева