Қос ғашықтың соңғы серенадасы

Қос ғашықтың соңғы серенадасы
Фото: www.ioannauspeh.ru

Бұл видеоны қарай отырып, шынайы махаббатқа, пәк сезімге, керемет қойылымға көзайым боласыздар. 92 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Говард өзінің 93 жастағы жан жары Лаурамен мәңгілікке қош айтысып жатыр. 

Олар өздерінің бақытты отбасылық ғұмырында бірге ән салып, өнер жолындағы жарасымды жұп болып жүрген. Бұл 50 жылдық мерейтойларынан кейінгі бірге айтып тұрған ең соңғы әндері. Алайда Лаураның дауысы өте әлсіз, себебі көбіне кейеуі өзі айтып жатыр. Бірақ ол да бас жағында өлеңнің кейбір жерлерін қайталып отырады. Говард табалдырықтан аттамай тұрған кезде-ақ, Лаура өзінің сүйіктісінің осында екенін сезіп, оны құшақтап, бірге өткізген бал күндерді еске алу үшін дәрігерлерге оның палатаға кіруін өтінген. 

Солари есімді ақ халатты абзал жан Говардты Лаураның төсегіне алып барып (ол мүгедектер арбашасында болған), екеуін қауыштырады. Ғашықтар бір-бірімен тіл табысуы үшін оны қолтығынан демеп, аяғынан тік тұрғызуға да көмектеседі. Жұптары жазылмаған жандардың әсерлі әңгімесінен осындай әсем әрі әуезді ән туындағанын төмендегі видеодан көре аласыздар. Бұл «You’ll Never Know» әнінің авторы әйгілі - Розмари Клуни. Лаура дәл осы әнді Говард соғыста жүргенде өз-өзін жұбату үшін орындаған. Ол онымен өміріндегі ең қызықты күндерді де, ең ауыр күндерді де бірге өткізген. Міне, тоқсаннан асқан ата мен әжейдің махаббат хикаясы осындай. Толығырақ білгіңіз келсе, төмендегі видеоға назар аударыңыздар. 

Ж. Исакаев