Жапония тұрғындары жүз жасаудан рекорд орнатты

Жапония тұрғындары жүз жасаудан рекорд орнатты
Фото: rudaki.ru

Биылғы жылы жүз жылдық мерейтойын атап өткен жапондықтардың саны болуы мүмкін барлық рекордтарды жаңартты.

JapanToday-дың хабарламасы бойынша, ұзақ жасаушылар саны 60 мың адамнан асқан.

Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі Жапонияда 61 568 ұзақ жасаушы адам тұратынын хабарлап отыр, соның ішінде 87 пайызы – әйелдер.

Өткен жылмен салыстырғанда 100 жастан асқан жапондықтардың саны 2,7 мың адамға көп болды.

Жасы бойынша ең үлкен жапониялық азамат – 1900 жылы дүниеге келді, ал ең ересек жапондық ер адам 1903 жылы дүниеге келген екен, ол Жер бетіндегі жасы ең үлкен ер адам ретінде енгізілген.

Қ. Бүйенбай