Әлемдегі ең жылдам тасбақа белгілі болды

Әлемдегі ең жылдам тасбақа белгілі болды
Фото: muizre.

Гиннесс рекордтар кітабының редакциясы әлемдегі ең жылдам тасбақаны таныстырды.

Берти деген лақап атқа ие жануар Ұлыбританияда тұрады. Ол секундына 0,28 метрді (сағатына шамамен бір шақырым) жүріп өте алады. Кітаптың авторлары оны тасбақалар арасындағы Усейн Болт деп атайды. Сонымен қатар қорытынды өлшем жасау кезінде Берти 19,59 секундта 5,48 метрді жүріп өтіп, бұрынғы рекордты жаңартты, ол 1977 жылы тіркелген. Ол кезде тасбақа Чарлидің жылдамдығы секундына 0,125 метр болған. 

Берти Марко мен Джанин Кальцини Англияның солтүстік-шығысындағы Дарем графствосында тұрады. Сонымен қатар Кальцинидің үйінде оның құрбысы Шелли тасбақа бар. Олардың айтуынша, Берти әрдайым өзге тасбақаларға қарағанда жылдам қозғалады екен. Мұндай рекордтың бар екенін кенеттен естіген олар Гиннесс рекордтар кітабына өтініш жазған. "Мен бала кезден Гиннесс рекордтар кітабын жинадым. Біріншісін 1980 жылы сатып алдым. Дүкен сөрелерінде тұрған сол кітаптардың барлығы әлі күнге есімде. Бұл кітапқа ену - өңіме айналған арман болды", - деді Марко.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Н. Нұрмаханұлы