Цитарум - әлемнің ең лас өзені

Цитарум - әлемнің ең лас өзені

Цитарум өзені Индонезия елінің Ява аралында орналасқан. Кезінде осы өзен аралдағы ең әдемі жер саналған: арнасы кең, ағысы баяу, жергілікті балықшылар өзен жағасында балық аулап, құстар өздеріне қорек тауып, адамдар осы өзеннен күнделікті тұрмысқа қажетті су алатын. Өзеннің мөлдір суы баяу ағып, күріш егістігін суаратын. 

Ал бүгін Цитарум өзені экологиялық апатқа ұшыраған. Өзен бетін жүздеген зауыттың ағынды суы мен күнделікті тұрмыстық заттар қалдығы қаптаған. Жалпы өзеннің бұзылуы 80 жылдардың соңында жаппай индустрияландырудан кейін етек ала бастады. 

Енді балықшылар өзенге балық аулау үшін емес, су бетінен сатуға болатын пластикалық заттарды жинауға келетін болды. 

Өзен бойын жағалай орналасқан жарты мыңға жуық тоқыма фабрикалары күн сайын өздерінің қалдықтарын өзен суына жібереді. Алайда 2008 жылдың желтоқсан айында Азия даму банкі өзенді әлемдегі ең лас өзен деп танып, оны қоқыстан тазартуға 500 миллион долларлық кредит бөлген болатын. Бірер жылдан соң өзен қайтадан бұрынғы қалпына келіп, жергілікті тұрғындарды өзінің әдемілігімен қуантатын шығар деген үміттеміз!

Дайындған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mirfactov.com


Ж. FM