Ұлыбританиялық жұп хоббиттерге арналған қонақ үй салды

Ұлыбританиялық жұп хоббиттерге арналған қонақ үй салды
Фото: 24.kz

Ұлыбританиялық жұбайлар Ливертонда Джон Толкиен романының желісі бойынша түсірілген «Сақиналар әміршісі» фильміндегі хоббиттерге арналған қонақ үй салды. Бұл туралы nur.kz жазады.

91409a3072ff2549a439d351d613f83f_L
 

Бұл үшін қонақ үй иелері 23,5 АҚШ долларын жұмсаған. Жұптың айтуынша, олар үйді негізінен өздерінің бес баласына арнап салыпты. Қонақүйде қажеттінің бәрі бар – ас үй, қонақ бөлме, пеш, жуынатын бөлме және алты адамға арналған жатын орын.

Айта кетсек, мұндағы есіктер мен терезелердің барлығы дөңгелек етіп жасалған. Жоба авторлары өздерінің бастамалары көптеген адамға қуаныш сыйлайтындығына кәміл сенеді.

Ал қонақ үйде үш күн тұру үшін 1000 доллар төлеу қажет.

Қ. Бүйенбай