Қытайда ер адам өзін ұшақта өртеп жібермек болды

Қытайда ер адам өзін ұшақта өртеп жібермек болды
Фото: vk.com

Қытайда Shenzhen Airlines әуе компаниясы рейсінің жолаушысы лайнер бортында өрт шығарып, ұшақты құлатпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға Гуанчжоу қаласында ұшақ жерге қонар кезде болды. Белгісіз ер адам өрт шығармақ болған. 

Экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар ер адамға бөгет болды. Олардың екеуі жарақаттанып, ұшақ жерге қонған соң ауруханаға жеткізілді. 

Еске сала кетейік, Қытайда биыл ақпан айында әуе апаты болған еді. TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайвань астанасы - Тайбэйде өзенге құлады. Апаттан екі адамның қаза тапқаны және оннан астам адамның құтқарылғаны хабарланды. Тағы да он шақты адам ұшақтың ішінде қамалып қалған. Кейбір жолаушылар ұшақтан өз бетімен шығып, жағалауға жеткен.

М. Бисембаева