Үшінші қабаттан құлаған сәбиді ойыншығы құтқарып қалды

Үшінші қабаттан құлаған сәбиді ойыншығы құтқарып қалды
Фото: progorod59.ru

Америкалық Колорадо-Спрингсте бес жасар қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Үлкен әрі жұмсақ ойыншығының арқасында оның қолы ғана сынған, деп хабарлады РИА Новости.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, құлап бара жатқан бүлдіршін құшағына қысып алған үлкен әрі жұмсақ Миньон ойыншығынан айырылмаған. Бұл оның аман қалуына себеп болған тәрізді.

Миньондар - "Гадкий Я" мультипликациялық дилогияның кейіпкерлері.  

Дереккөзі: inform.kz 

Н. Айдархан