Кәрілікті жеңген әйел

Кәрілікті жеңген әйел
Фото: vk.com

Аннет Ларкинс — кәрілікті жеңген әйел. Оның тарихы таң қаларлық әрі қарапайым. Ол «кәрілікті жеңген жандар» деген әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Өзінің 73 жасында Аннет өте келбетті де көрнекті көрінеді. Достары «оған 30 жас берсе де жарасады», - дейді. Өйткені сымбатты тұлғасы, тартымды терісі, қолаң шашы, ең бастысы өзін-өзі сезінуі өте керемет. Аннеттің мұндай табиғи сұлулыққа қалай қол жеткізгені бәріңізге де қызық шығар. Журналистер де оны ешқашан назардан тыс қалдырмай, барлық телебағдарламаға шақырып, денсаулықты қалай күту керектігі туралы ойын, өмірлік тәжірибесін сұрап, қалың көпшілікпен бөліседі. Біз де бүгін талайды тамсандырған Аннет Ларкинстің тарихына қысқаша тоқталып өтпекпіз.

Төмендегі видеодан сіздер оның жанды баурайтын жарқыраған жүзін көре аласыздар. Сонымен қатар өзі туралы барлық ақиқатты өз аузынан естисіздер. Ол жас кезінде ет сатушының әйелі болған. Екі күннің бірінде ет жейтін болғасын, белгілі бір уақыттан кейін бұл тағамнан мүлде бас тартады. Одан кейін ұн, қант, сүт жұмыртқа секілді тағамдарды да өзінің ас мәзірінен алып тастайды. Ал 9 жыл өткесін вегетарианшыл Ларкинс шикілей тамақтануға кіріседі. Ауласына түрлі жеміс-жидек пен көкөністер өсіріп, ешқандай химиялық зиянды заттар қоспай тұтынған. Толығырақ білгіңіз келсе, видео-роликке назар аударыңыздар.

Аннет Ларкинстай кәрілікті жеңіп, әрдайым жас әрі сұлу көрінгіңіз келсе, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытымен дұрыс тамақтаныңыз. Ол сұлулығын сақтау кез келген жастағы жанның қолынан келетінін дәлелдеді.

Ж. Исакаев