2CELLOS дуэті Майкл Джексонның әніне керемет кавер жасады

2CELLOS дуэті Майкл Джексонның әніне керемет кавер жасады
Фото: apositive-life.com

Майкл Джексон өмір жолында талай қиыншылықтар мен азапты күндерді өткерген. Ол атақ-даңққа қол жеткізу үшін көп жыл бойы жан-жақты еңбек етті. Әнші мансабында жеңіл әндерден гөрі қоғамдық маңызы бар әлеуметтік мәселені қозғайтын салмақты әндерге қарай бет бұрды. Майкл әншіліктен басқа тапқан-таянғанын қайырымдылық қорларына беріп, филантроптық істермен көп айналысты. Бүкіл әлемге танымал «They Don’t Care About Us» әні саяси көзқарастардың зиянды тұстарын көрсетті. Әнде саясаткерлердің қарапайым халықты ойламайтындары және оның пайдасы тек өздеріне ғана мәлім екендері туралы айтылған. Сол себептен болуы керек әншінің бұл туындысы пацифистердің әнұранына айналды. Хорватия елінің 2CELLOS дуэті осы әнге керемет кавер жасаған. Каверге түсірілген бейнебаян әлемнің белгісіз тұстарын, жер шарын кімдер үстемдік етіп жатқанын жақсы көрсетеді.

Н. Нұрмаханұлы