Әлемдегі ең әдемі жол

Әлемдегі ең әдемі жол
Фото: theoutlook.com.ua,

Атлантик Роуд - әлемдегі ең әдемі жол. Ол Норвегиядағы Кристиансанд және Молде деген екі қаланың ортасында орналасқан. Ұзындығы 8 километрді құрайды. Бұл жолдың тарихы өте қызық. Өйткені XX ғасырдың басында оны темір жол көлігімен жүк тасымалдау үшін салып бастаған. Алайда ол аяқталмай қалып, 1970 жылдан бастап көлік жолын салуды ұйғарады. Қазірде Атлант тас жолы - әлемге әйгілі жолдардың бірі. Бұл жерге келуші туристердің де саны өте көп. Таңғажайып табиғат аясы келген қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға Атлантик Роудтың бір топ тамаша суретін ұсынамыз.

Ж. Исакаев