Чилиде 40 жыл ұйқыда жатқан жанартау атқылады (Видео)

Чилиде 40 жыл ұйқыда жатқан жанартау атқылады (Видео)
Чилиде 40 жылдан астам ұйқыда жатқан Кальбуко жанартауы атқылап, елде «қызыл» қауіп деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Bnews.kz.

Чили үкіметі кратерден 20 шақырым қашықтықтан жақын радиуста тұратын 1,5 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Жанартау бірнеше мың метр биіктікке көтерілді. Атмосфераның ластануына байланысты жергілікті авиакомпаниялар жақын маңдағы әуежайдағы ұшақ рейстерінің барлығын тоқтатып тастады.

Жанартаудың 2003 метр биіктікке көтерілуі Чилиде өте сирек кездеседі. Ең соңғы рет мұндай құбылыс 1972 жылы болған.

сурет: youtube.com

Е. Қайрахан