Бөшкеге басын қыстырып алған арыстан интернет жұлдызына айналды

Бөшкеге басын қыстырып алған арыстан интернет жұлдызына айналды

Интернетте Нидерланд хайуанаттар паркінде түсірілген ерекше видео танымал болды. Роликте бөшке ішіндегі етті жеуге ниеттенген арыстандардың бірінің басының сонда қыстырылып қалғаны көрсетіледі. Басын шығару үшін арыстан ары-бері жүгіреді. Оқиғаны көзімен көргендер оны ветеринар босатып алғанын айтады.

сурет: youtube.com

Е. Қайрахан