Тоқылдақ ақ тышқанды арқасына мінгізді

Тоқылдақ ақ тышқанды арқасына мінгізді

Британдық фотограф Мартин Ле-Мэй (Martin Le-May) табиғатта кездесе бермейтін ерекше сурет жасай алды. Ол түсірген суретте тоқылдақ арқасына ақ тышқанды (сусар тұқымдас аң) мінгізіп алып, ұшып барады. 

Бірақ бұл сіз бен біз ойлағандай қамқорлықтан туған әрекет емес. Шын мәнінде ақ тышқан мен тоқылдақ өмір сүру үшін арпалысып келеді. Бірі қарнын тойдырғысы келсе, екіншісі аман қалғысы келіп жанталасқан... 

Әдетте мұндай оқиғалар қайғылы аяқталып жатады. Өйткені табиғаттың өз заңдылығы сақталуы керек. Тоқылдақ жерге жете бергенде ақ тышқан камера ұстаған адамдардан сескеніп, қашып кеткен, сөйтіп құс бұл жолы аман қалды. Ақ тышқан ашыққан кезде осылай өзінен ірі құстарға шабуыл жасайды. 

"Басында құс жанымыздан ұшып өтті, сосын кішкене біздің бағытқа қарай ұшты. Кенет арқасында ұсақ сүтқоректі аңның отырғаны анықталды. Және бұл жерде өмір үшін күрес жүріп жатқан еді", – деп еске алады осы оқиғаны Мартин Ле-Мэй. Сурет Лондонға жақын жердегі Хорнчёрч паркінде түсірілген. Ал фотограф бұл уақытта әйелімен бірге паркте серуендеп жүрген болатын. 

Сурет: tjournal.ru

Ұқсас жазба: 

Судың астында ненің жасырылғанын көрсететін 20 фото

М. Оңғарова