Мына иттің тұмсығына не болған?

Мына иттің тұмсығына не болған?

Дүйсенбі күні екі қыздың өмірін құтқарып қалған Кабанг есімді ит Калифорния университетінің емханасынан шықты. Қазіргі таңда ол өзінің қожасына қайта оралды.

Профессор Фрэнктың айтуынша, итке жасалған ота сәтті жасалыпты, бірақ өкінішке орай төбеттің жоғарғы жақ бөлігі қайта қалпына келмеген. Алайда, оған қарамастан дәрігер иттің жолы болғыш екендігін айтады.

2011 жылы  Кабанг екі филиппин қызының өмірін құтқару үшін жүйіткіген мотоциклдың астына түседі. Егер ит мұндай қарекетке бармаған кезде  мотоциклист тура барып  екі қызға соқтысады екен.

Бұл оқиғадан кейін жергілікті мал дәрігері дәрменсіздік танытқан. Сол себептен Буффало (АҚШ) қаласының медиктері ота жасатуға қажетті қаржыны жинап, иттің өмірін құтқарған.

Оқи отырыңыз: 

Иттің мейірімділігі (видео)

Қасқырлар өзен ағысын қалай өзгертті?

Хайуанаттар бағындағы пілдердің махаббаты

Англия азаматы арыстандармен футбол ойнады

Сурет: www.dailymail.co.uk

Н. Нұрмаханұлы