Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Дубайда ұзындығы 5 шақырымды құрайтын алтын алқа жасалды

Дубайда ұзындығы 5 шақырымды құрайтын алтын алқа жасалды

Дубайда ұзындығы 5 шақырымды құрайтын алтын алқа жасалды

Естімеген елде көп. Біріккен Араб Әмірлігінің ең ірі қалаларының бірі Дубайда ұзындығы 5 шақырымды құрайтын алтын алқа жасалды. Ал оның құны 6 миллион АҚШ долларын құрайды екен.

Алтын алқа әлемдегі ең ұзын зергерлік бұйым ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі тиіс. Өйткені, осы уақытқа дейін ұзындығы 5 шақырымнан асатын алқа ешқайда жасалмаған.

Әлемдегі ең ұзын алтын алқаны жасауға 100-ден аса адам еңбек еткен. 45 күнде дайын болған. Оған 4 миллионнан астам зергерлік бұйымдардан тұратын 22 карат алтын пайдаланылған. Ал алтын алқаның бар салмағы 256 келіні құрапты.

Алтын алқа Дубайдың ескі бөлігіндегі танымал асыл тастар сататын орталықтың маңына қойылған. Әлемдік рекорд нақтыланғаннан кейін, алтын алқаны бөліктерге бөліп сатпақ. Оның әр бөлігі әлемдік рекорд орнатқан алқа құрамында болғанын растайтын арнайы кодтармен нөмірленбек. Негізінен, алтын алқа Дубайдағы жиырмасыншы сауда фестиваліне орай жасалып шыққан екен.

Айта кетейік, осыған дейінгі ең ұзын алтын алқа рекорды да Дубай қаласында тіркелген болатын. 1999 жылғы сауда фестиваліне орай жасалып шыққан алтын алқаның ұзындығы 4,28 шақырымды құраған еді.

Сурет: news.day.az 

Қосылған күні: 07 қаңтар 2015, 11:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.