Шотландықтар ойлап тапқан өнер табыстар

Шотландықтар ойлап тапқан өнер табыстар

Шотландия - ғылымға көп үлес қосқан өнертапқыштардың отаны. Мысалы, телефонды ойлап тапқан Александр Грэхем Беллдің шотландық екенін біріміз білсек, біріміз білмеуіміз мүмкін.

Банкомат - Шотландия халқының келесі өнертабысы. Кез келген уақытта ақша бере алатын аппаратты өткен ғасырдың 60 жылдары Джон Шеперд-Баррон ұсынды. Алғашқы банкомат 1967 жылы Лондонда іске қосылды.

Көптеген шотландық өнертабыстарды біз ас үйімізден көруімізге болады. Мысалы, микротолқынды пешті шотландықтар ойлап тапқанын білесіз бе? Бұл жаңа техниканың жұмыс жасау механизмін 1800 жылдардың ортасында Джеймс Клерк Максвелл ұсынды. Ол электромагнитті спектрді жете меңгеру арқасында, энергия берілетін қысқа толқындарды анықтады.

1748 жылы Уильям Каплен жасанды салқындатуды ойлап тапты. Ол уақытта бұл өнертабыс тоңазытқыш жасап шығарылғанға дейін күнделікті тұрмысқа аса қажет емес деп саналып келді.

1700 жылы шотландық дәрігер Джордж Клегхорн безгек ауруынан емдейтін дәріні жасап шығарды.

1926 шотландық инженер Джон Ло́уги Бэрд алғашқы механикалық теледидар жүйесін, 1928 жылы бірінші түрлі-түсті теледидарды ойлап тапты.

Сурет: tonkosti.ru

Ж. Исакаев