2014 жылы өмірден өткен дарынды тұлғалар

2014 жылы өмірден өткен дарынды тұлғалар

2014 жылға қорытынды жасасақ, көптеген дарынды тұлғалар дүниеден озды. Оның ішінде әйгілі әртістер мен әншілер және спортшылар бар. Халықтың ыстық ықыласына бөленген біртуар жандарды еске алайық.

Робин Уильямс (1951-2014)

Тамаша актер, сценарист және продюсер. «Оскар», «Эмми», «Алтын глобус» сыйлықтарының иегері. Көпшілікке «Қайырлы таң, Вьетнам», «Капитан Крюк», «Джумандже», «Музейдегі түн» фильмдері арқылы танымал.

Ол 2014 жылдың 1 тамызында өмірден озды.

Андрей Гусин (1972-2014)

Андрей Гусин - киевтік «Динамо» мен Украина ұлттық құрамасының танымал футболшысы. Спортшы 17 қыркүйек күні жол апатынан қаза тапты. Бұл оқиға Киев маңындағы «Чайка» автодромында орын алды.

Джоан Риверз (1933-2014)

Джоан Риверз - американдық актриса, сценарист және продюсер. «Эмми» сыйлығының иегері. Ол «Кливлендегі сұлулар», «Темір адам 3», «Смурфтер» фильмдерінде ойнады. Актриса 4 қыркүйекте күрделі ота кезінде өмірімен қоштасты.

Джо Кокер (1944-2014)

Өз өлеңдерін блюз және рок жанрында орындайтын әйгілі ағылшын әншісі. «Rolling Stone» журналының рейтингі бойынша ән әлеміндегі әйгілі 100 әншінің бірі. «My Father’s Son», «Unchain My Heart», «You Can Leave Your Hat On» атты хит әндердің авторы. Әнші 22 желтоқсанда өкпе ауруынан көз жұмды.

Өздері өлсе де, артына өлмейтін із қалдырған бұл ұлы тұлғалар мәңгі халықтың жүрегінде. 

Сурет: exler.ru, tvc.ru, starslife.ru, frontnews.ge

Ж. Исакаев