Британдық Робинзон Крузо туралы білесіз бе?

Британдық Робинзон Крузо туралы білесіз бе?

Брендон Гримшоу есімді ағылшын азаматы жасы қырыққа таяғанда газеттегі редакторлық жұмысынан босап, жаңа өмір бастауды ниет етіпті. Ол 13 мың АҚШ долларына Сейшел аралдарының біреуін сатып алып, сонда көшіп кетеді.

Соңғы елу жылда адам аяға баспаған аралды иемденген Брендон нағыз Робинзон Крузоның өмірін кешуді мақсат еткен. Сол себепті қасына Рене Лафортен есімді "Жұмабайды" серік етеді. Расында Рене уақтылы аралға келіп тұрған. Ал Брендон өмірінің соңына дейін аралдан кетпеген.

Өркениеттен алыста болған аралда Гримпшоу мен Лафортен 39 жыл ішінде 16 мың ағаш отырғызады. Шын өмірдің Робинзоны 80-нен асып кетсе де белсенді өмір сүру салтынан таймай, аралды көркейтуді жалғастырады. Тіпті бірнеше жыл бұрын Сауд Арабиясының ханзадасы Брендонның аралына $50 мың қаржы ұсынады. Дегенмен ол сатудан бас тартқан екен.

2008 жылға келіп, британдық Брендонның еңбегі еленіп, арал ұлттық баққа айналады.

Сурет: brasiluniversodigital.blogspot.com

Ж. Өрісбай