АҚШ азаматы жасап шығарған ұшқыр көлік

АҚШ азаматы жасап шығарған ұшқыр көлік

Автомобиль өндірісінің көрнекті өкілі - "Nemisis" көлігі. Аталған көлік сағатына 435 шақырым жылдамдықпен жүреді. Бұл дүние жүзіндегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

Рич Паттерсон әлемнің бетке ұстар үлгісі болатын ерекше көлік ойлап табуға бел буды. Бұл көліктің дизайнын қалыптастыруға 15 жылдан астам уақыт кетті. Ұшқыр көлік дайын болғаннан кейін жас маманның тәжірибесі, шыдамдылығы мен еңбекқорлығы зая кетпегені білінді. Көліктің асты өте төмен болғандықтан онымен тек қалада жүруге болады. Жүксалғышы да кішкентай. Автокөліктің ерекшелігі оның заманауи жүйесінде.

Сурет: amsrus.ru

Ж. Исакаев