Әлемдегі ең ерекше гүлдер

Әлемдегі ең ерекше гүлдер

Табиғаттың сан түрлі ғажайып туындылары бар. Солардың ішіндегі флораның ғажап нұсқаларының топтамасын тамашалаңыздар:

Мұның ғылыми атауы - "Anguloa Uniflora". 

Үйрекке ұқсас келген бұл гүл "Caleana Major" деген атауға ие.

Қос ұстасып әрі күліп тұрған кейіпке ұқсас келген бұл тамаша гүлдердің атауы − "Orchis Italica".

"Dracula Simia" деп аталатын бұл флора ренжіп тұрған маймылға ұқсайды. 

Ал мынау түрі Dracula Simia-ның жымиып тұрған нұсқасы екен. Ғажап гүлдер, солай емес пе?

"Psychotira Elata" деген атауға ие болған мына гүлді бұрын соңды көрдіңіз бе? Топтаманың ішіндегі ең ерекше нұсқа осы болар шамасы. Далаппен боялған ерінге дәлме-дәл ұқсас гүлді Орталық және Оңтүстік Америкада кездестіруге болады.

"Habenaria Radiata" деп аталатын бұл гүл әуеде қалқып бара жатқан көгершінге ұқсайды.

Топтаманың соңғы ғажап нұсқасы "Impatiens Bequaertii" деген атауға ие. Билеп тұрған қыздарға ұқсас келген бұл гүлді суреттен емес өз көзіңмен көргің келеді.

Топтама сізге ұнады ма? Қандай әсер алдыңыз?

Сурет: orchis.de,  content.rua

Ф. Абилова