Әлемдегі ең қорқынышты ормандар

Әлемдегі ең қорқынышты ормандар

Бала күнімізде ормандағы қорқынышты оқиғалар туралы әңгімелер айтқанымыз әлі есімізде шығар. Осы оқиғаларға көзімізді жеткізу үшін жер бетіндегі тылсым және қорқынышты ормандарға тоқталып өтсек.

Жапониядағы Фудзи тауының етегінде орналасқан Аокигахара орманын халық "Ағаштар теңізі" деп атап кеткен. Қазіргі таңда әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі осы болып табылады. Олай дейтін себебіміз, жыл сайын қаншама адам осы жерде жоғалып, өлігі табылып жатады. Орман ішіне еніп кеткен адам жол тауып шыға алмай, мерт болады. Және жергілікті тұрғындар түнімен шыңғырған адамдардың дауыстарын естіп жатады екен.

Жер тебінген әзәзіл, АҚШ. Солтүстік Каролина штатындағы Сейлер қаласынан 15-16 шақырым қашықтықта жатқан тылсым орман ішінде диаметрді 12 метрді құрайтын сақина тәріздес алаң бар. Міне, осы сақинаның ішінде өсімдік атаулыдан ештеңе өспейді. Ол жерге ит пен құс жолауға да қорқады.

Ұлыбританиядағы Эппинг орманы адам өлімі жағынан бәрін басып озатын болар. Көптеген қарақшы өздері құрбан еткен адамның денесін осында көметін болып шықты.

Уйчвид орманы, Англия. Бұл орманға бір рет жолы түскен адамдар өздерінің денесіне белгісіз біреулердің қолы тигенін, қастарынан өткенін айтады. Жұрттың айтуынша, орман ішін елестер кезіп жүрген көрінеді.

Англиядағы "Шыңғыратын орман" да осылардың қатарында. Жергілікті жұрт бұл жерде оншақты аруақтың елесі кезіп жүр деп сенеді. Оның ерте кезден "Шыңғыратын орман" аталу себебі - халық айқай-шуға ұласатын ащы дауыстарды жиі естиді.

АҚШ-тағы 520 шаршы шақырым аумақты алып жатқан Фритаун-Фол Ривер орманында адам сенгісіз қорқынышты оқиғалар орын алып тұрады екен.

Сурет: golos.md

Ж. Исакаев