Әлемдегі ең шебер суретші

Әлемдегі ең шебер суретші

Жылдың әрбір мезгілі өзіне тән қасиеттерімен бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мінеки, көптен күткен қыс маусымы да келіп, Жер-Ана ақ көрпесін жамылды. Әрине, үскірік аязымен, қатулы мінезімен кейбір адамдарға ұнамауы да мүмкін. Бірақ қыс болмайтын кейбір елдімекен тұрғындары, бұл көріністі тек қана суреттен тамашалайды. Қыс бейнесін көздерімен бір көріп, аппақ қарды алақандарына қондыру - олар үшін үлкен армандардың бірі. Жеткені де бар, ал жетпегені қаншама? Мына сіздерге ұсынылып отырған тамаша суреттер жиынтығы - табиғат-ананың тек қар мен мұздан жасаған таңғажайып туындылары. Мұнда ауа райы, желдің жылдамдығы, ауа температурасының ылғалдылығы - бәрі-бәрі керемет үйлесім тапқан. Бұл бейне арқылы әлемдегі ең шебер суретші табиғат-ана екеніне көз жеткізесіздер.

Байкалдың меруертті мұздары

Мұздатылған көбік

Тоңған шие

Мұз боп қатқан көл

Мичиган көліндегі мұз басқан шамшырақ

Қарлы шілтер

Мұз басқан гүлдер  

Мұзды дауылдан кейінгі гүл 

Мұздатылған ағаш

Дуалдағы тікенектер 

Қытайдағы мұзды жауыннан кейінгі хрустальді жапырақ

Қарлы орамалдар

Қарлы қарағай

Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұзды гүлдер

Шыны шалғын

Гүлдеген алма ағашындағы сүңгі мұз

Мұзды жауыннан кейінгі шалғын

Қарлы ролл

Қатып қалған гүлдер

Мұзды шәрбат

Сурет: adme.ru

Е. Жұмабайұлы