Суретші балық

Суретші балық

Балықтар да адамдар секілді: өмірлік серігінің назарын аудару үшін көп еңбектенеді екен. Мысалы, ине тұрпатты балықтар қатарына жататын бұл кішкентай балық су түбіндегі құмға сурет салады. Ал, оның бұл өнері ғалымдарға әлі шешімі табылмаған жұмбақ болып отыр. Ине тұрпатты бұл балық өзінің 12 см-лік ұзындығына қарамай, диаметрі 2 м болатын әдемі дөңгелектер бейнелейді. Бір қызығы, оның суреттері симметриялық тәртіппен салынған. Кішкентай балық өзінің өмірлік серігін тапқан соң, осы тамаша композицияның дәл ортасына уылдырығын шашатын көрінеді. Міне, білмесеңіз, теңіз түбіндегі романтика осындай болады екен. Табиғат қашанда ғажайыптарымен таңқалдырудан жалыққан емес... Әсерлеріңізбен бөлісе отырыңыздар!


 
Сурет: en1.sochiaquarium.ru
Е. Жұмабайұлы