Өрмекші-ит Польша тұрғындарының зәре-құтын қашырды (видео)

Өрмекші-ит Польша тұрғындарының зәре-құтын қашырды (видео)

Өрмекші Адамды бәрі біледі, ал өрмекші-ит туралы естідіңіз бе? Жақында Youtube.com  сайтында Чика атты үлкен өрмекші-иттің Польша тұрғындарының зәресін алған видеосы жарияланды. Бұл видео бір күн ішінде 2 миллион көрілім жинаса, дәл қазіргі уақыттағы көрілім саны 40 миллионнан асып түсті. Чика, негізінде өрмекші киімін киген, еш зияны жоқ ит. Видеоны Чиканың иесі, польшалық Сильвестр Вардега атты әзілқой түсірген. Ол, тіпті, кей жерлерге өрмекшінің торы сияқты етіп жіптер де іліп тастаған.

Бұл видеоны 271 541 қолданушы ұнатыпты, сізге ше? Егер кенет алдыңыздан осындай мақұлық шыға келсе, сіздің реакцияңыз қандай болар еді?

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: видеодан скриншот

Y. Smaghul