Өрмекші тікелей эфир «жұлдызына» айналды (Видео)

Өрмекші тікелей эфир «жұлдызына» айналды (Видео)

«Би-би-си» телеарнасының Шотландиядағы таңғы жаңалықтар тарату сәтінде көрермендер күтпеген оқиға орын алды. Түсіріп тұрған камера объективінде үлкен өрмекші пайда бола кетіп, торына түскен шіркейді азық қылған.

Тікелей эфирдегі қателік үшін арна басшылығы көрермендерден кешірім сұрап отыр. Жүргізуші Грэм Стюарт болса камера алдындағы жағдайды аңғармаған. Кейіннен әлеуметтік желілерде тараған видеоны көріп қана жағдайдан хабардар болыпты. Ол елдегі мәдениет фестивалін ұйымдастыратын директорлардың бірінің қызметінен кеткенін хабарлап жатқанда камера алдына шыққан өрмекші торына түскен шіркейді қақшып алған сәті тікелей эфирде көрсетілген.

Дәл осыған ұқсас жағдай өткен жылы Канада телеарналарының бірінде орын алған болатын. Кездейсоқ камера алдында пайда бола кеткен өрмекші жүргізушінің зәресін алған.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ria.ru

Ө. Сансызбай