Адам сенгісіз 20 фотосурет

Адам сенгісіз 20 фотосурет

«Әлемде талай қызық бар» деген сөз бекер айтылмаса керек. Рас, әлем қызыққа толы. Ал осынау «қызыққа толы» әлемнің құпиясына қанығып, жұмбағының шешіміне жете алып жүрміз бе? Әлемде орын алып жатқан неше түрлі ақылға сыймас оқиғалардың жауабына үңілсеңіз, шешімі жоқ сансыз сұрақтарға жолығасыз. Әрине техникалық прогрестің арқасында біз әлемді әр қырынан танып жатырмыз. Бірақ толыққанды емес. Назарларыңызға адам сенгісіз 20 фотосуретті ұсынамыз. Әлде бұл фотосуреттер сізге сенімді көріне ме?

Бір уақыттағы күннің батуы, әрі айдың тұтылуы.

Ғарышқа зымыран ұшыру. Спутниктен түсірілген сурет.

Куб тәріздес Пирит кристалы.

Бұл сурет төрт суреттен бірікпеген, дәл осы қалпында түсірілген.

Марлон Брандо "Өкіл әке" ("Крестный отец") фильмінде. Гримге дейін, гримнен кейін.

Фукан метеориті.

Кірпіш төсейтін көлік.

Қолшатырлы аспан. Португалиядағы бір күн.

Ұшатын тәрелке пішініндегі бұлт.

Тайландтағы сауда үйлерінен тасталған һәм қараусыз қалған балықтар.

Бұл кішкентай зат өңделгенен кейін 2 литрлі бөтелкеге айналады.

Таңқаларлық үлпілдек құйрығы бар тиын.

Теңіздегі жылқы.

Манхэттен қаласы. 1609 жыл және бүгін.

Геометриялық пішіндегі қырыққабат.

Қытайдың Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы құз-жартастар.

Теңіз тасбақасы медузаның көмегімен жылжып келеді.

Мортон - Австралиядағы құмды арал. Аралдың жағасына батқан кемелердің қирандылары келіп тірелген.

Әлемдегі ең терең бассейн.

Польшадағы Помор көлі. Күз мезгілі.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

Н. Айдархан