Дәрігерлер өлді деп тапқан үш жасар қыз тірі болып шықты

Дәрігерлер өлді деп тапқан үш жасар қыз тірі болып шықты

Дәрігерлер өлді деп тапқан үш жасар қыз шын мәнінде клиникалық өлім аузында болған. Филлипиндік қыздың жаназа уақытында туысқандарының бірі кездейсоқ оның тірі екендігін байқап, табытты ашып қарайды. Қараса қыз басын әрең қимылдатып жатыр екен. Бала келесі күні Замбоанга дель Сур ауданының Аврора жерінде жерленуі тиіс болған. Қыздың есімі әлі күнге дейін беймәлім. Бұл көрініс телефон камерасы арқылы түсірілген.

Әкесінің сөзіне сенсек, аурухана дәрігерлері қыздан ешқандай тіршілік нышанын таппай, өлдіге санаған. Қыздың анасы Тилан баласының бірнеше күн ауыр хәлде болғанын мәлімдеген. Қазіргі таңда қыз терең ұйқыда (кома) өзінің үйінде. Ата-анасы қызының саулығы үшін баласын дәрігерлер қарауына тапсырамыз деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Америкалық азамат екі басты қолтырауын тауып алды

Әлеуметтік маңызы бар ролик әйел тақырыбын қозғайды

Үндістанда 50 жыл құлдықта болған піл босатылғаннан кейін жылап жіберді

Өз қызыңды қалай бақытты етуге болады? Мына әке ерекше тәсіл ойлап тауыпты

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: article.wn.com

Н. Нұрмаханұлы