Ауыр дертке шалдыққан филиппиндіктің махаббаты әлемді жылатты

Ауыр дертке шалдыққан филиппиндіктің махаббаты әлемді жылатты

Ауыр дертке шалдыққан филиппиндіктің отау құруы әлемді жылатты. 29 жастағы Роуден Го (Rowden Go) Лизл есімді қызбен ауырмай тұрғанда танысқан екен. Жазда үйлену тойын жоспарлап қойған олар дәрігерлерден жаңалық естиді.

Мамыр айында Роуденге 4-ші деңгейлі обыр індеті бары анықталады. Некелесу салтанатынан кейін 10 сағат өткенде күйеуі қайтыс болады.

Екі жастың арманы үйлену болыпты. Некелесу рәсіміне дайындалу үшін жастарға 12 ғана сағат берілген. Марқұмның жалғыз ғана арманы сүйікті жарымен үйлену үшін туысқандары неке қиюшыны ауруханаға әкелген, себебі Роуденді дәрігерлер сыртқа шығармапты. Сол рәсімнен түсірілген видеоны Роуден Гоның ағасы Хессет Гоу (Hasset Go) youtube видеоресурсына салады. Міне, содан бері жүректі ауыртатын роликті 9 199 126 адам қараған. Кейінде ABS-CBN News порталына берген сұхбатында Хессет бұл видеоны жалғыз көргісі келгенін, ал кейін өзгелер де бұл оқиғаны көре отырып нағыз махаббаттың қандай болатынын білсін деген оймен жариялағанын айтып берді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: www.depo.ua

А. Құлтай