Видео: Жер шары жойылып бара жатыр

Видео: Жер шары жойылып бара жатыр

Соңғы 500 миллион жылда 5 жаппай қырылу факторы орын алған. Ал оның бізге танысы – 65 миллион жыл бұрын динозаврлардың өмір сүруін тоқтатуы. Теориялардың көптігіне қарамастан, апат себептері әлі күнге дейін анықталмай келеді. Төменде мүмкін деген болжаммен алтыншы жаппай қырылу факторы қандай себептерден пайда болуы мүмкін екендігі берілген.

1. Магнит алаңының өзгеріске ұшырауы Жер шарының магнитосферасын төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда ғарыштан түскен радиация күшейіп, адам болжап біле алмайтын апат нәтижесіне әкеліп соғады.

2. Ғалым Джеймс Хансен өз зерттеуінде «Жер қойнауынан қазып алынатын отынды көп мөлшерде жағып жатқанымыз, көшет әсеріне алып келіп, Жердің  ауа температурасы 475 градусты Венера ғаламшарына айналып кетуі ғажап емес» - деп мәлімдеген.

3. Жердің құйрықты жұлдызбен соқтығысуы адам тіршілігінің жойылуына себеп болады.

4. Соңғы екі жүз жылдың ішінде көмірқышқыл газы мұхит суының қышқылдылығын 25%-ға көбейткен. Бұл суасты жануарлар әлемінің жаппай қырылуына әкеледі.


5. Адамдар Эбола індеттік вирусына төтеп бере алмай, қырылуы мүмкін.

6. Ауа температурасының  бірден жоғарылап кетуі аралар популяциясын күрт азайтып жіберді. Біздің күнделікті ішіп жүрген тамақтарымыз араларға тікелей бағынышты, себебі аралар өсімдіктердің  33%-ын тозаңдандырады. Осы іс-әрекет ауыл шаруашылығына әр түрлі қиындықтар тудырып, азық-түлік дағдарысына ұшыратады.


7. Жұлдыздардың бір-бірімен қақтығысуынан пайда болатын гамма сәулесі азон қабатын тесуі әбден мүмкін. Жақсы жаңалық ретінде айта кетейік, оған әлі 500 миллион жыл бар.

8. Адамдардың ақыл-ойы өзгеріп, роботтар адам орнын алмастырады.


9. Йеллоустонс саябағындағы алып жанартау кез келген сәтте атылып кетуі мүмкін. Ондай жағдайда  бүкіл Америка құрлығы талқандалып, аспанды улы токсинді бұлттар жайлап, ауа ластанады.

10. Табиғи ресурстардың дұрыс пайдаланылмауынан қоршаған ортамызға залал тиіп жатыр. Жыл сайын жерде шамамен 100 000 өсімдік пен жануар жойылу үстінде.

Сұрақ: Бұл жайлы қандай пікірдесіз?

Оқи отырыңыз:

Ғаламның ашылмаған сырлары

Полиция туралы қызықты деректер

Малайзия тұрғыны айдаһарды атып түсіріпті-мыс

Адамдар бір сәтте жоқ болып кетсе, ары қарай не болады? (Фото)

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: susanin.udm,www.proza,www.rosphoto.com

Н. Нұрмаханұлы