Жартастағы "тірі" мүсіндер

Жартастағы "тірі" мүсіндер

Төрткүл дүние сыры ашылмаған тылсым мен құпия-сырға толы. Сонау біздің заманымыздан бірнеше мың жыл бұрын салынған ескерткіштер бүгінгі қоғам арасында көзайымға айналуда. Алғашқы адамдардың әр түрлі  мифтік аңыз-әңгімені негізге ала отырып, қолымен жасаған өнер туындылары сан-алуан. Бұл ескерткіштер тау басындағы тастарға қашалып жасалған.  

Кайлас

Үндістан мемлекетінде орналасқан Кайлас ғибадатханасы әлемдегі ең ірі ғибадатхана ретінде мойындалған. Шындығында, Кайлас Шива ғибадатханасының 30 ғимаратының бірі ғана. Ғибадатхана өзінің архитектуралық құрылысымен ерекшеленеді. Ол жоғарыдан төмен қарай қазылып жасалған. Шамамен б.з.б. VIII ғасырда тұрғызылған. Ғибадатхананы салу барсында 200 тоннаға жуық тас қалдығы сыртқа шығарылған.

Лэшандағы Будда мүсіні

Қытай елінде Будданың ескерткіштік бейнесі көп таралған. Ал Лэшандағы Будда мүсінінің бірегейлігіне келетін болсақ, ол тастың тік болуына қарамастан жуан етіп ойылған. Аталған мүсіннің биіктігі – 71 метр. Ол Эмэйшань тау шатқалында, үш өзеннің түйіскен жерінен орын тепкен және ең бастысы туристерге қолайлы ауданда орналасқан. Бұл аймақтың табиғаты тамаша болғандықтан, келушілер саны тым көп.

Есінен адасқан жылқы мемориалы

АҚШ-та орналасқан есінен адасқан жылқы мемориалы жартастың өзіне жасалған. Биіктігі – 172 метр. Ол әйгілі Джордж Вашингтон, Томас Джефферсон, Теодор Рузвельт және Авраам Линкольн атты президенттердің құрметіне салынған «Рашмор» (Mount Rushmore) тауындағы ескерткіштен 10 есе үлкен. 1948 жылы салына бастаған мемориалдың құрылысы осы күнге дейін аяқталған жоқ. Тек 1998 жылдың өзінде бас бөлігі ғана жөнделіп үлгерген.

Мадаин-Салих

Өте көне тарихи-археологиялық қалаға туристер аз келеді. Осы жерден табылған ескі жазу үлгілері б.з.б. 3-мыңжылдыққа тиесілі. Бұл жер мұсылмандардың Құран кітабында бірнеше рет аталады. Сауд Арабия жұрты оны «қарғыс атқан аймақ» дейді. 

Децебал

Дакиев Децебал патша Рим империясына жиі шабуылдаушы ретінде көзге түскен. Тарихшы Иосиф Константин Драган Децебал ескерткішін  тұрғызуға шамамен бір миллион доллар қаржысын жұмсаған. Құрылыс жұмыстары 2004 жылы аяқталған. Оған 12 мүсінші қатысып, 10 жыл бойы тапжылмай жасаған еңбектің арқасында сәтті аяқтап, қолданысқа берген.

Лалибэлананың 12 шіркеуі

Бұл – Эфиопия жерінде тау жартасында орын алған  қасиетті  ғимарат. Ол ғимаратты жергілікті тұрғындар «Лалибэлананың 12 шіркеуі» деп атап кеткен. Осы Лалибэлананың 12 шіркеуінің ішіндегі ең  танымалы – Saint George. Аталған ғимарат XIII ғасырдың төңірегінде салынған. Шіркеудің өлшем бірлігі – 25х25х30-ға тең.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет:geolines.ru,www.putidorogi-nn.ru,www.klag.ru

Н. Нұрмаханұлы