Әлемдегі ең үлкен жылқы

Әлемдегі ең үлкен жылқы

Өміріңізде 2 метрден де биік алып жылқы туралы естіген, не көрген бе едіңіз? Қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен жылқы Диггер болып саналады. Ол Англияда, Лиза Макфарлэйннің жеке фермасында өмір сүруде. Алып жылқының бойы 202 сантиметрді құрайды. Бірақ бұл тек шоқтығына дейінгі биіктік. Ал тұяғынан басына дейін есептесек 270 сантиметр болады екен. Диггер не бәрі 5 жаста. Демек бұл алып жылқы әлі де өсе түседі деген сөз.

Ендігі кезекте атақты жылқының күтімі қалай болуда деп ойлап отырған шығарсыз?! Әрине, мұндай алып жылқыны бағу үшін әжептеуір қаражат, арнайы күтім қажет. Жылқыны тазалау үшін немесе үстіне ер тоқым салу керек болған жағдайда міндетті түрде арнайы сатыны қолданады екен. Жылқыны тойдыру үшін күніне 25 килограмм шөп қажет, бұл - қарапайым жылқы жейтін шөп мөлшерінен 3 есе көп.

Диггердің мұндай алып болуының да өзіндік себебі бар дейді иесі. Оның айтуынша, жылқы күніне таңдамалы шәй сабағын және арнайы сортты алма жегені үшін жылына аз дегенде 5 сантиметрге өседі екен.

Диггердің салмағы да үлкен. Жануардың массасы 1 тонна 200 килограммды құрайды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: toprekord.ru

Н. Айдархан