Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемде соғыс пен ашуды білмейтін халық бар

Әлемде соғыс пен ашуды білмейтін халық бар

Әлемде соғыс пен ашуды білмейтін халық бар

Олар ешқашан соғыспаған. Олар тіпті "күресу" дегеннің не екендігін білмейді. Олар балаларын ешқашан ұрмайды, дауыс та көтермейді, ренжімейді де, есесіне, жүздерінен әрдайым күлкі байқалады. Сіз олардың тілінен балағат, боқтау, жеку сөздерін де таппайсыз. Егер сіз дұшпандарша кейіп танытып баратын болсаңыз, олар орман ішіне тығылып қалады. Танысып қойыңыз, бұл – пиароалар!

Кейіпкерлеріміз Ориноко өзенінің жанында (Венесуэла) өмір сүреді. Олардың саны бар болғаны он екі мың екен. Агрессия атаулыдан жұрдай пиароалардың өмірі ешкімді де бейжай қалдырмайды.


Өзге әлемнен келгендей көрінетін адамдардың өміріне таңырқаған бірнеше зерттеуші ғалым үндіс тайпаларына экспедиция ұйымдастырады. Зерттеу нәтижесі адам нанғысыз нәтижелер көрсетті.

Экспедицияны басқарған ғалым: "Агрессияның жоқ болуы биологиялық себептерге байланысты. Сондай-ақ, мінезге пиароалардың тамақтану тәртібі де септігін тигізіп отыр. Олардың барлығы да – вегетариандар. Пиароалар "маниок" аталатын ерекше өсімдікпен тамақтанады, ал бұл өсімдіктің агрессияны басатын қасиеті бар",- деп отыр.

Алайда, мына бір кереметтей адамдар тамақтың күшімен жүр деуге болмайды. Олардың мәдениеті, салт-дәстүрі де мінездің қалыптасуына әсерін тигізеді. Ересектер балалар мен жасөспірімдерді ең бірінші өзін басқаруға, ашуды жеңуге үйретеді. Соғыстар мен айқастарға қатаң тыйым салынған.


Тайпа мүшелері қоршаған ортаға өте мұқият қарайды, барынша аялайды. Яғни, өмір сүруге ең қажеттілерді ғана алады да, зияны жоқтарға мүлде тиіспейді. Жеу үшін емес, тұрмыс үшін бірнеше түрлі құсты, кеміргішті, бауырымен жорғалаушыны ғана аулайды. Әйгілі Аутана тауы – пиароалардың қасиетті мекені саналады.

Пиароаларда адамсүйгіштік және өзара көмектесу сезімдері ерекше дамыған. Ауыл басшылары жеке қасиеттеріне, адамдар үшін жауапкершілік ала білуіне, ақылына байланысты таңдалады. Сөйте тұра, барлық шешім көптің ақылдасуымен қабылданады. Кейде мұндай жиналыстар бірнеше күнге созылады екен. Соңында, барлық адамды қанағаттандыратын шешім қабылданады.


Бәрін айт та, бірін айт, пиароалардың өміріндегі ең ғажап нәрсе – жаза атаулысының болмауы. Ағаттық жасаған әрбір адам кешірім алады, сондай болса да, барлығы қателік, жаман әрекет жасамауға тырысады. Бұл – дұшпандық пен қызғаныш, көреалмаушылық пен дүниеқорлық жайлаған заманда өмір сүріп отырған біздер үшін үлгі бола алады. Әсіресе, басқалай өмір сүру мүмкін емес дейтін адамдар үшін үлкен мысал дер едік.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 03 сәуір 2014, 17:12
Пікірлер
+0
03 сәуір 2014, 18:28

Әлі де жабайы күйінде өмір сүре ме сонда?

+0
03 сәуір 2014, 18:45

Мәссаған! Естімеген елде көп деген!!! Мынау қызық екен, Әйгерім!

+0
03 сәуір 2014, 22:30

Бұлай қалай өмір сүреді екен???

+0
04 сәуір 2014, 12:06

Barekeldi ylgi aluga turarluk haluk eken. Bykil alem sogus degen ygumdu ymutsa eken!

+0
04 сәуір 2014, 16:55

Шынымды айтсам, суреттен байқаған тұрмыс маған онша ұнап тұрған жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.