Су сәулеттері

Су сәулеттері

Су адамды тыныштандырады әрі күш береді. Жаның жабырқаған сәтте сергітеді, жақсы көңіл-күй сыйлап, ерекше әсерге бөлейді. Сондықтан, адамдар айналасындағы кеңістікті сумен толтырғысы келеді.

Олай болса, назарларыңызға суға қатысты «жанды» құрылыс нысандарының тізбегін ұсынамыз.

АкваҮЙ


Берлиндегі АкваҮй – әлемдегі ең үлкен тұзды суы бар цилиндр пішіндес аквариум. Мұнда, шамамен, балықтың 97 түрінен 1500-дей балық өмір сүреді. Балықтарды тамақтандыру мен аквариумды тазалау үшін күн сайын 3-4 аквалангист жұмыс жасайды.

АкваҮй Берлиндегі бесжұлдызды «Radisson Blu» қонақ үйінің ішкі алаңында орналасқан.

Үй төбесіндегі бассейн

Бұл «қабырғасы жоқ» бассейн Сингапурдегі Marina Bay Sands қонақ үйінің 55-қабатында орналасқан. Мұнда, сонымен қатар, бақ және бассейн бар, көлемі 12,4 мың шаршы метр.

Моисей көпірі

XVII ғасырда Нидерландыда форт салынған шақта «Моисей көпірінің де» іргесі қаланған. Бұл атау Қызыл теңізді екіге жарып, Египет әскерінен қашып еврей халқын құтқарып қалған Моисей пайғамбардың құрметіне қойылған. Бұл идея  нидерландылық Ro&Ad Architecten сәулет бюросына тиесілі.

Үй-бұлт

Үй-бұлт 2002 жылы Швейцарияда салынған. «Біз құрылысты көл жағасында емес, көлдің өзінде салуды мақсат еттік. Металл қаңқа жасадық және күрделі жүйе арқылы бұл құрылымды «басып тұрған» толассыз тұманды туғыздық. Нәтижесінде өте үлкен, формасы жоқ, қашанда өзгеріп тұратын объект пайда бола кетті», - дейді жобаның авторы Blur Building қызметкерлері.

«Маргаритка» суағытқышы

Бұл суағытқыш құрылғы Арменияның Кечутск су қоймасында орналасқан. Бұл жерден аққан су тікелей суөткізгіш құбыр арқылы Севан көліне құяды. Құрылғының гүлге ұқсастығына байланысты «Маргаритка» деп аталып кеткен.

Судағы кинотеатр

Судағы бұл кинотеатр Таиландтағы Яо Ной аралының мүйісінде орналасқан. Су ортасындағы кинозалға көрермендерді қайықтар арқылы апарады. Архитектор Оле Шерен бұл кино-архипелагты өңделген материалдардан құрастырылған алып құрылымның үстіне орналастырған.

Өкінішке орай, кинотеатр фестиваль аяқталғаннан кейін-ақ кері жиналып тасталады. Бірақ ұйымдастырушылар бұл жерді жыл сайын кинематография қауымының дәстүрлі түрде бас қосар орны болғанын қалайды. Әрі экзотикалық демалыс алаңына айналдыру да көзделген.

Сарқырама алдындағы мейрамхана

Сарқыраманың аяқ жағында орналасқан мейрамхана – Villa Escudero филиппин курортында. Үстел-дастархандар дәл судың үстінде орналасқан, тереңдегі 20 см-ді құрайды. Мұнда дәстүрлі филиппин тағамдарының дәмін татуға болады.

Футуристтік гидроэлекторстанция



65 000 ғана тұрғыны бар германиялық Кемптен атты шағын қалашықта әлемдегі ең әсем СЭС (Су электр станциясы) орналасқан. СЭС қаланың нақ ортасындағы Иллер өзінінің бойына тұрғызылған және 3000 үйді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Becker Architekten сәулет бюросының жобасымен жасалынған СЭС дизайн және инженерлік құрылыс саласында көптеген марапаттқа ие болған.

Үрленген батут-көпір

Егер қала билігі AZC дизайн бюросының жобасын қолдаса, онда жақын арада Париж қаласының орталығында өзеннің бергі бетінен арғы бетіне «секіріп» өте алатын боламыз. Эйфель мұнарасынан қашық емес жерде үрленген көпір салынуы мүмкін, бұл қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін нағыз көңіл көтеретін жер болмақ.

Балкондағы бассейн

«Балкондағы бассейн» - әлі жүзеге аспаған идея. Архитектор Джеймс Ло Wadhwa Group үндістандық құрылыс компаниясы үшін тамаша дизайнды тұрғын үйдің жобасын жасап берді. Оның кереметтігі балкондағы мөлдір шынылармен құрастырылған бассейнде жатыр.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Ш. Талап