Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Лондонда адамның көз жасы сатылып жатыр

Лондонда адамның көз жасы сатылып жатыр

Лондонда адамның көз жасы сатылып жатыр

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы сауда орталықтарының бірінде көз жасынан жасалған тұз еркін саудаға салынып жатыр. Сатушылардың сөзінше, көз жасынан тұз алу үшін сұйықтықты буландыру әдісімен дайындаған екен. Өнімнің бірнеше сорты да бар: күлкінің көз жасы, пияздың көз жасы, түшкірік көз жасы, тіпті ашудың да көз жасы бар.    

Ал британдық басылымдар сатушылардың бұл әрекетін жарнамалық әдістің біріне балап отыр. Олар сатқан көз жасының бағасы да арзан емес: кішкене бір құты үшін 30 фунт төлеуіңіз (шамамен 7500 теңге) керек.

Осыған дейін Ирвиндегі Калифорния университетінің мамандары екі бірдей жаңалық ашқындығы жөнінде хабарланған еді. Олар адамның көз жасында бактерияларға қарсы қасиеті бар ақуыздың біраз мөлшері бар екендігін анықтады. Сондай-ақ ракпен күресу жолында осы әдісті пайдаланатын технологияны да ойлап тапты.  

Алайда бәрінен бұрын көз жасында антисептик-ақуыздардың бар екендігін алғаш болып тапқан Нобель сыйлығының иегері Александр Флеминг болды. Ол 1922 жылдың өзінде лизоцимдердің бактерияларға қарсы күре алатын қасиетінің бар екендігін айтып кеткен екен. Дегенмен сол кезде ешкім де лизоцимдердің қауіпті бактерияларды қалай жоя алатынын толық түсіндіре алмаған.

Ал осыған дейін Оксфорд Университетінің ғалымдары жасанды көз жасын синтездеп шығарғанын айта кетейік. Зерттеушілердің сөзінше, өздерінің бұл жаңалығы офтальмологиялық аурулармен ауыратын миллиондаған адамға шипа бола алады. Нақтырақ айтқанда, жасанды көз жасы көз ішіндегі темірдің сұйықтықты аз бөлетіндігі себепті жанары тез құрғап қалатын адамдарға арналады.

Алайда дәрігерлер жасанды көз жасын қолданған адамдарда аллергиялық реакциялардың болуы мүмкін екендігін ескеріп (себебі жасанды көз жасының құрамына сиыр сүті кіреді, ал сүт өнімдері көп адамдар үшін аллергияның қозуына себепші болып жатады), әзірге оны дәрілік препарат ретінде пайдалануға рұқсат берген жоқ.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: niceworld.biz

Қосылған күні: 07 ақпан 2014, 04:35
Пікірлер
+0
07 ақпан 2014, 10:01

Еріккен екен, шын айтам істерге басқа іс жоқтай

+0
07 ақпан 2014, 10:38

дұрыс емес сияқты, біреудің көз жасы біреуге ем болады дегенге сену қиын)

+0
07 ақпан 2014, 12:03

Барлығы болуы мүмкін, ғылымдағы жаңа жаңалықтарға біздің әлі "миымыз" жетпейді!!!

+0
07 ақпан 2014, 14:05

Өте қызық мәлімет екен... Ондай тұзды жей қоймаспын)))

+0
08 ақпан 2014, 01:16

адамның өз жасы өзіне пайдалы екенін бұрыннан іштей ойлап қойатын едім :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.