Темекі түтінімен салынған суреттер

Темекі түтінімен салынған суреттер

Шылым түтіні - суретші ойлап тапқан тағы бір әдіс. Майкл Феннел өзінің ойлап тапқан осы бір арнаулы әдісімен соңғы он алты жылда ағаш тақтайлардың бетіне картиналарды түсіріп келеді.

Феннел өз әдіс-тәсілінің құпиясын ашқан емес, сол себепті суретшінің сөзіне сенуге тура келеді. Айтуынша, шылым түтіні тұрақсыз дүние саналғандықтан, оның жүрісін танып білу қиын. Және іс насырға шапқанда қағаздың күйіп кетуі, тіпті, жанып кетуі оп-оңай. Есесіне, түтіннің өз кереметі болғандықтан, оның көмегімен қара түсті қарапайым күйінен көп өзгертуге болатын көрінеді. Көмір мұның қасында қараусыз қалмақ екен. 

Бүгінде Майкл Феннелмен бір қатарда Роб Тарбелл мен Джим Динджилиэн секілді бірқатар суретшілер шылым түтінін өз шығармашылықтарында қолданады. Қылқалам шебері темекі түтінін суретшілікте көп қолданып, көптеген тәжірибеге иек артқандықтан, жұрт арасында есімі көп таралған. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: copypast.ru; cameralabs.org

Л. Лига