Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Бояуды қажет етпейтін суретші

Бояуды қажет етпейтін суретші

Бояуды қажет етпейтін суретші

Суретші Виктор Нуньес (Victor Nunes) әрбір кішкене нәрседен сурет көре алады. Ол кез келген қарапайым заттарды өнер туындысына айналдырып, жаңашыл ізденісімен көзге түсіп келеді. Яғни, күнделікті тұтынатын заттарды өз суреттеріне пайдаланып, ешқандай бояудың көмегінсіз қызықты туындыларды дүниеге әкеледі.

Мысалы, қайшы, поп-корн, сабын, грек жаңғағы, т.б. заттар мен тағамдарды суреттеріндегі негізгі детальге икемдейді. Ол әуелі қарындашпен қиялдағы бейнені параққа түсіріп алады, содан соң «көңіліне ұнаған затты» (суретіне орай) қажетіне пайдаланады. Оның суреттеріне қарап отырып, ол қолданған әр затқа басқа көзқарас туындары анық. Өйткені ол біз байқай бермейтін нәрселерден «жанды» дүние жасап шығарады. Қызықты суреттер күлкі шақырып, жағымды әсерге бөлейді. Суретшінің ұшқыр қиялы мен ерекшелікке ұмтылысы көңіл қуантады. Олай болса, лайықты баға сіздің тарапыңыздан болсын!

Виктор Нуньестің жұмыстары:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

12
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 30 қаңтар 2014, 18:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.