Қысқы балық аулаудың қызығы көп

Қысқы балық аулаудың қызығы көп

Өткен жексенбіде АҚШ-тың Миннесота штатында әлемдегі ең үлкен мұз үстінен балық аулау жиыны (Brainerd Jaycees Ice Fishing Extravaganza) болып өтті. Бұл байқауға балық аулауды жақсы көретін 10 000-нан аса адам қатысты. Жиынның жеңімпазы жан шыдатпас суықта ең үлкен балық ұстауға тиіс болды. Қалған қатысушылар 150 мың доллар көлемінде сыйақы алды.

Байқауда бағын сынауға келген кез келген балықшы -40 градус суыққа төзетіндей жылы киіммен сайланып, жарақтанды. Турнирдің жеңімпазын анықтау үш сағаттай уақытқа созылды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, салмағы ең ауыр балық ұстаған қатысушы жеңімпаз деп танылды.  

Балықшылар 518 гектар шамасындағы алаңқайға жайғастырылған. Қатысушылар алаңға сағат сегізден қалмай жиналды. Әрқайсысы құрал-саймандарын (қармақ, сөмке, шелек) дайындап, олжасын сүңгітер дорбаларын арқалай келді. Дәстүр бойынша, «қыстағы қырғынды» тамашалауға келген көрермендерге арнайы орындар қарастырылды.

Байқау 1991 жылдан бері өтіп келеді. Балықшылардың басын қосуға атсалысып, жобаның жүзеге асуына мұрындық болған Брайнерд Джейсис бұл жиынды алғаш жергілікті қайырымдылық қорының аясында ұйымдастырған екен. Ол алғашқы кезде мұндай үлкен жиынға ұласып, жалпыхалықтық сипат алады деп ойлаған жоқ еді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mirfactov.com

Н. Айдархан