Антарктидадан 100 жыл бұрын түсірілген суреттер табылды

Антарктидадан 100 жыл бұрын түсірілген суреттер табылды

Жүз жыл бұрын түсірілген кадрларды Antarctic Heritage Trust жаңазеландиялық ұйымның зерттеушілері Роберт Скоттың лагерінен тауыпты. Фотограф Герберт Понтинг басшылық еткен зертханадан 22 негатив шыққан. Бұл кадрлар Кейп-Эвенс бекетіндегі Скот базасындағы өзге де 10 мыңға жуық заттың арасындағы кішігірім қобдишада болған екен.

Antarctic Heritage Trust мамандарының айтуынша, бұл суреттер Эрнест Шеклтонның басшылығымен 1914-1917 жылдарда жасалған саяхат кезінде түсірілген. Экспедиция мүшелері өз кемелерінің мұз айдында тұрақтап қалуына байланысты Скоттың лагерінде біршама уақыт бойы жұмыс жасауына тура келген.

Табылған суреттің көпшілігі бұзылған. Десе де арасында жарамдылары да бар екен. Мамандардың айтуы бойынша, суреттердің авторы әлі де белгісіз қалып отыр.


 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет және дереккөз: billionnews.ru

А. Құлтай