Дубайдағы жаңажылдық отшашу Гиннестің рекордтар кітабына енді

Дубайдағы жаңажылдық отшашу Гиннестің рекордтар кітабына енді

Дубайдағы жаңажылдық отшашу әлемдегі ең үлкен әрі ұзаққа созылған отшашу ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Ол 450 мың отшашудан тұрған әрі алты минутқа созылған екен. Отшашуға арнайы 400 нүкте белгіленіп, The World Islands және Palm Jumeirah жасанды аралы мен Дубай жағалауларын бойлай қойылған.

Отшашудың бір бөлігі БАӘ туының тұсында көрініс тапты. Оның биіктігі 130-225 метр шамасында болды. Бұл отшашу мемлекеттік жалау жанындағы ең үлкен пиротехникалық сурет ретінде тарихта қалуға тиіс. Отшашуды ұйымдастыруға 200-ден аса пиротехник қызмет еткен. Бұл рекорд басшылықтың қатысуымен Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді. Дәл бұндай рекорд 2012 жылы Кувейтте қойылған еді. Араға жыл салып, жаңа рекорд дубайлықтар еншісіне көшті.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mirfactov.com

Ш. Талап