Сіз бұл сөздерге әлі сенесіз бе?

Сіз бұл сөздерге әлі сенесіз бе?

Бала күнімізде мұғалім бізге айда тұрған адам жер бетіндегі үлкен өзен, биік қорған, ұлы қалаларды көре алады дегенді жиі айтады. Шындығына келгенде мұндай дүниелерді ай бетінен көру – жер бетінде тұрып елу метр жерден бір тал шашты көрудің әсерімен бірдей екен.

Ньютонның басына алма құлағаннан кейін ол жердің тартылыс күші ілімін ойлап тауыпты деген әңгіме әлі күнге есімізде. Бірақ, Ньютонтанушылар оның барлық қолжазбаларын ақтарып шықса да, бұл туралы бір ауыз сөз де таппаған.

Эйнштейннің өмірі туралы, оның балалық дәуірі жайлы әңгімелер біздің бала күнімізде де көп таралды. Сол әңгімелердің көбінде Эйнштейн айналасындағы балалармен барыс-келіс жасамайтын, олақ, өзгеше бала екендігі жайлы айтылады. Ал, шын өмірдегі бала Эйнштейн мүлде олай болмаған. Ол онша олақ емес, достары да көп болған. Тек кейбір пәндерді ұната қоймайтын сыңайлы.

 

Джеймс Уатт бу машинасын ойлап тапты. Оның өмірі жайлы да балаларға қызықты әңгімелер көп айтылады. Осы әңгімелердің бірінде ол қайнаған судағы будың шәугім қақпағын қозғалтуынан шабыт алып, бу машинасын жасағаны айтылады. Шын өмірде бу машинасы 1679 жылы ойлап табылып қойған. Ал, Джеймс Уатт 1736 жылы өмірге келіп, 1769 жылы бу машинасын өндіріске бейімдеп жасаған.

«Табыс 99% еңбек пен 1% таланттың арқасында келеді» деген бір ауыз сөзді бәріміз білеміз, осы бір сөйлемнен кейін «бірақ, 1% талант болмаса 99% еңбегіңіз еш кетеді, осы 1 саны 99-дан әлдеқайда маңызды» деп жалғаса беретінін көп адам білмейді.

Әлемдік саясаттан хабардар адамдар АҚШ пен Қытай мемлекеттерін ит мен мысықтай бір-біріне қарсы деп ойлайды. Бірақ, Қытайдың тұңғыш әуе әскери айлағын Америка құрып берген. Осы әуе тасымалы арқылы 1959 жылдан 1962 жылдар аралығындағы Қытай ашаршылығы кезінде АҚШ үкіметі мол астық берген. Бірақ, Қытай одан бас тартыпты.

Қазір бүкіл әлем біртіндеп даму теориясынан бас тартуда. Тіпті, Дарвиннің өзі көз жұмар алдында дарвинизмді ғылымға әкелгеніне өкініп, тәңірінен кешірім сұрап жалбарыныпты.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan