Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемдегі ең қорқынышты мекендер

Әлемдегі ең қорқынышты мекендер

Әлемдегі ең қорқынышты мекендер

Қандағы адреналинді көтеретін сұмдық әсерлерді сүйетін оқырмандар парашютпен секірумен ғана шектелмей, ғаламшарымыздағы өте қорқынышты бұрыштарға саяхат жасауға шешім қабылдайды. Әр қадамнан шытырман оқиғаларды іздеп жүретін осындай оқырмандарымызға әлемдегі ең үрейлі жерлердің тізімін ұсынғымыз келеді.

1. Аокигахара немесе Дзюкай – Хонсю аралындағы Фудзи тауының етегінде жатқан орман. Аокигахараның аймағында ешбір компас жұмыс істемейді. Ағаштар жаппай өсіп тұр және төніп келе жатқандай әсер қалдырады. Оған "өзіне қол жұмсаушылардың орманы" деген атау берілген екен. Жапон мифологиясымен үйлесетін мекен бір кездері әзәзілдер мен елестердің өмір сүретін жері ретінде көпке танылған. Себебі, ерте кездерде кедейшіліктің тауқыметіне душар болған отбасылар асырай алмайтын бала-шағасы мен қарттарын осы жерге тастап кетеді екен. Ең қорқыныштысы – жергілікті халық түнімен шыңғырған адамдардың даусын естіп жатады...

2. Манчак батпағы – жалмауыздардың қарғысын алған жер. Луизиана штатының аймағындағы Жаңа Орлеан қаласына жақын жерде жатыр. Тек қана қайықпен өтуге болатын батпақтың ортасынан бұталар атып шығады. Бұталар шықпайтын жерлерде  мүлде өсімдік өспейді, әбден жетімсіреген... Осы маңда қоныс тепкен үш бірдей ауыл дауылдың әсерінен жойқын болған, тұрғындардың көпшілігі қайтыс болады. Батпақта жүздеген мың адамдар жоғалып кеткен. Осыдан жүздеген жылдар бұрын ғайып болған адамдардың денелері енді ғана батпақ астынан шығып жатқан көрінеді.

3. Mary King's Close – Шотландияның Эдинбург қаласының орталығындағы жерасты көшесі. Аталған жабық ауданға оба ауруы кең таралға кезде айықпас дертке шалдыққан адамдар тасталған екен. Осы жерде тұрғындар өмірлерінің ең соңғы сағаттарын өткізген. Обаның өте тез таралғандығы соншалықты, қала әкімдігі аймаққа кіретін барлық есікті мәңгілікке ашылмас етіп жапқызып тастайды.

4. "Ескі үй" деп аталатын мекенде – соғыс кезінде өліп кеткен британдық солдаттар мен теңіз қарақшыларының елесі кезіп жүреді деседі. Бұл АҚШ-тағы Вирджиния жерінде орналасқан. Және орманға жақын маңдардан адамның бас сүйегі мен мал сүйектері көптеп табылып отырады екен.

5. Лагуна Трук – әскери кемелердің қызметкерлерінің табыттары қойылған жер. 1944 жылдың ақпан айында АҚШ дәл осы жерде жапон әскери флотын талқандаған. Дәл осы күні 50-ге жуық кеме батырылса, 150 әскери ұшақтың көзі жойылған. Ұшақтағы әскерлер жарақат алып, суға құлайды. Осы жерден өткен әрбір кеме, ұшқан ұшақ тылсым құбылыстарға тап болады екен.

6. Сан-Жи – жоғалған жандардың қаласы. Қала өткен ғасырдың 80-ші жылдарында заманауи үлгіде тұрғызыла бастады.  Алайда, ең алғашқы қазық қағылғанан бастап мұнда түсініксіз оқиғалар болып, әрбір құрылыста адам нанғысыз өлімдер қайталанады. Құрылысшылардың бәрі де болған оқиғаларын қорқып, қаша бастайды да, қала басталған күйі қалып кетеді. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2013, 10:15
Пікірлер
+0
25 желтоқсан 2013, 11:16

Мяяя, осындай жерлерді өзім барып, көзіммен көргім келеді! Рахмет жазбаңа, Ай-керім!))

+0
25 желтоқсан 2013, 13:26

Мә, мен қазір қорқақ боп қалғам, бірнеше жыл бұрын айтқаныңда баратын едім )))

+0
25 желтоқсан 2013, 13:32

туу жақында ғана бір қорқынышты фильм көріп едім(((

+0
25 желтоқсан 2013, 15:08

мен барушы ем ;)

+0
26 желтоқсан 2013, 14:01

Қорқынышты жерден Құдай аулақ қылсын!

+0
27 қаңтар 2014, 00:07

мммәәә саған шынмен де қорқынышты екен :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.