Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Армандаудың кері әсері

Армандаудың кері әсері

Армандаудың кері әсері

Лауре Уатирс үлкен көлемді жүк көлігінің жүргізушісі. Оның өмірінде жалғыз-ақ арманы бар еді. Ол – зеңгір көкте самғау болатын. Мектеп бітіргеннен кейін оның сыныптастары бірінен соң бірі әуе армиясының қатарына алынып, ұшқыштар дайындайтын орталыққа жөнелтіліп жатты. Бірақ, ол көзінің әлсіз көруі себепті бұл орайдан айырылып қалды. Әуеге самғаудың қаншалықты бақыт екенін ол тіпті тілмен айтып жеткізуге шарасыз еді. Достарының соңынан әуестене қарап тұрған сәті оның өміріндегі ұмытылмас минуттарының бірі еді. Ол жұмыстан түскеннен кейін ауласындағы толқымалы орындыққа шалқалап жатып алып, зеңгір көкке қадала қараумен болатын.

Бір күні Лауренің басына бір ой сап ете түсті. Ол дереу әуе күштері орналасқан базаның дүкеніне барып гидроген газынен бір құмыра және 45 дана шар сатып алды. Бұл жерде сатылатын шарлардың ерекшелігі ойын-сауыққа пайдаланатын шарларға қарағанда мықты, әрі, жел толтырылған сәтте төрт ағылшын милі (бір ағылшын милі 0,3 метр) көлемінде ұлғаятын.

Лауре үйіне келгеннен кейін шарларды толқымалы орындыққа тепе-теңдікті сақтайтындай етіп мықтап байлады. Сосын орындығына қауіпсіздік белбеуін жасады. Сосын, орындыққа мықтап орнығып алған соң, құмырадағы газды шарларға құя бастады. Кезек-кезегімен құйылып болған соң ол ішінен: «Енді орындық ақырындап ауаға көтеріледі, осы жерден бір-екі шақырым жерге ұшып барып қонамын» деп ойлады да, қолына шарларды атып жаруға деп мылтығын алды да, жерге байланған жіпті шешіп жіберді.

Бірақ, барлық іс оның ойлағанына керісінше болды. Жіп шешілген кезден бастап орындық атқан оқтай аспанға тік көтеріліп, зеңгір көкке қарай зуылдай жөнелді. Ол енді бірнеше шақырым емес, бірнеше жүз шақырымға кеткенін іштей түйсінді. Мұндай тез жылдамдықта ол шарларды жаруға мүлде батылдық етпеді. Егер бір шар жарылса тепе-теңдік жойылып, өзі жерге құлайтындай сезінді.

Ол дәл осылайша 14 сағат бойы ұшты. Жерге түсудің амалын таппады. Ол өз өмірінен алаңдай бастады.

Лауре ұша-ұша Лос-Анджелес қаласының маңындағы халықаралық әуежайына жақын келді. Теңіз бетінде орындықпен қалықтап жүрген Лаурені әуежай қызметкерлері байқап қалды. Дереу жақын маңдағы теңіз әскерінің әуе күштеріне хабарласты. Лос-Анджелес теңіз аумағының ауа-райы құбылмалы болғандықтан, оны дереу құтқармаса кешкі теңіз бораны оны мүлде таптырмастан алысқа алып кетуі мүмкін еді. Олар бір тікұшақпен Лаурені құтқаруға шықты. Тікұшақтың күшті желі орындықтағы кісіге жақындауға мүлде мүмкіндік бермеді. Ақыры олар Лауренің үстінен тіке келіп, құтқару арқанын түсіріп, оны зорға тартып шығарды.

Лауре жерге түсісімен-ақ тұтқындалды. Қолына кісен салынған сәтте, жергілікті телеарна тілшісі одан: «Не үшін бұлай істедіңіз?» деп сұрады.

«Ұшу менің өмірімдегі жалғыз арманым еді, қазір мен оны жүзеге асырдым» деді.

«Бірақ, сіз осы әрекетіңіз үшін түрмеге жабылатын болдыңыз ғой?»

Лауре аз-кем ойланды да, былай деді: «Бұл бейне дәрі ішкен сияқты ғой, кей дәрілер адам денесіне кері әсерін береді. Осы кері әсерді болғызбаудың амалы жоқ. Менің ойымша бұл оқиғаны дәл осылай түсіндіру керек, бұл менің арманымның кері әсері» деді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: teamsuperhero.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 қараша 2013, 17:03
Пікірлер
+0
28 қараша 2013, 17:51

дурыысс ;) 14 сагат бойы журеги езилип кетердей болган шыгар

+0
29 қараша 2013, 00:09

арманда және соны іске асыр, бірақ арманың лас болмасын :cry:

+0
29 қараша 2013, 10:40

дұрыс айтасыз

+0
30 қараша 2013, 13:06

Мен өзiмнiң кей армандарымның орындалуынан қорқам...

+0
16 желтоқсан 2013, 14:19

өте өкінішті екен((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.