Күлкі шақырар мұңды мүсіндер

Күлкі шақырар мұңды мүсіндер

Америкалық фотосуретші Терри Бордер қарапайым заттардан қызықты мүсіндер жасап шығарады.

Ол күнделікті тұрмыста қолданатын заттардан және тағамдардан тамаша туындылар ойлап табады. Ас үй керек-жарақтары, азық-түліктер, және тағы да басқа кәдеге асар заттардан жасалған миниатюралық мүсіндері талайдың таңданысын тудыруда.

Сым мен қысқаштың көмегімен әр заттың өз болмысына орай лайықты бейне ойлап табылады. Жәй ғана қарапайым заттардың “жанды” дүниеге айналып шыға келгенін көріп таң қаласыз. Әр суретте астарлы ой, терең мағына жасырынған. Бір қарасаң күлкілі көрінуі мүмкін. Бірақ асықпай зер салып, түсінуге тырысыңыз. Терри Бордердің “Bent Objects” атты қарапайым заттардың құпия өмірінен сыр шертер кітабы жарық көрген.

Журналистердің “бұл шынымен де еріксіз күлкі шақырар туындылар, идеяны қайдан алдыңыз?” деген сұрағына Терри Бордер былай деп жауап берген екен: “Мен бала кезімде мультфильмді көп көретінмін. Осындай ерекше бірдеңе ойлап таба алғаныма қуаныштымын. Мен сізге шынымды айтсам, бұл жұмыстар ешқашан күлкілі көрінсе деп тырысқан емеспін. Мен керісінше қайғылы көріністерге көп орын беремін. Мен кейде өзіме: “Әй, жігіт, сен тым әріге кетіп қалдың. Енді адамдар сенің соншалықты ақылдан адасқаныңды білетін болды. Ендігі саған психологиялық көмек керек болған шығар” деймін. Сіз білесіз бе? Бұл жұмыстар сонда да танымалдығынан тайған емес”.

Терри Бордердің туындыларын ұсынамыз:

Ержүрек қорғаушы

Мумия

Абстрактілі экспрессионизм

Алып батыр

Ван Гог

Хэллоуин

Пессимист пен Оптимист


Харакири 

Қанішер

Өлім жазасы

Жерлеу рәсімі

Құшақтасамыз ба?

Ход Дог

Немере

Тағдыр тәлкегі

Зілтемірші

Станок

Әйгілі жұлдыз

Ұлы шайқас

Анашым?

Фрида

Жан тәсілім ету

Бұл енді махаббат!

Ауыр өлім

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

Ш. Талап